Жобалар

Бөлім толықтырылуда
Негізгі жоба

SAQTAN

«SAQTAN» жобасы жастар арасында нашақорлықтың, суицидтің, құмар ойындарға және өзге де зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған әлеуметтік жоба.

Жоба Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылды.

12.05.2025 – 12.11.2025
3500 жуық адам тікелей іс-шараларға қатысты
395 000 адам ақпараттық сүйемелдеу арқылы жанама қамтылды
40 reels бейнеролик жарияланды
SAQTAN жобасы

Жастардың қауіпсіздігі мен саналы таңдауына бағытталған іс-шаралар

Антиграффити акциясы
Семинарлар мен кездесулер
120 ерікті антиграффити акциясына қатысты
1000+ заңсыз есірткі жарнамасы жойылды
10 түнгі рейд ұйымдастырылды
12 тақырыптық семинар өткізілді

Жоба бағыттары

SAQTAN бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылып, жастардың қауіпсіздігі мен саналы таңдау жасауына ықпал етті.

🛡

Зиянды әдеттердің алдын алу

Нашақорлық, суицид, құмар ойындар және өзге де қауіптердің алдын алуға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🎨

Антиграффити акциясы

Қонаев қаласы және бірқатар аудандарда заңсыз есірткі жарнамалары мен QR-кодтарды анықтау және жою жұмыстары өтті.

🌙

Түнгі рейдтер

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

📘

Семинарлар

Колледждер мен жастар аудиториясында «САҚТАН: Саналы таңдау – қауіпсіз өмір» тақырыбында кездесулер өтті.

🏆

Спартакиада

Колледж студенттері арасында футбол және волейбол бойынша жарыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салты насихатталды.

📢

Ақпараттық сүйемелдеу

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нақты нәтижелер

Жоба аясында еріктілер, мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары және жастар бірігіп жұмыс жүргізді.

Антиграффити және ақпараттық жұмыс

Қонаев қаласы және Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандарында акциялар өтті.
120 ерікті жұмылдырылды.
20 футболка және 100 аэрозольді бояу құралы таратылды.
600 дана ақпараттық буклет жастарға таратылды.
1000-нан астам заңсыз жарнама арнайы бояумен жойылды.

Түнгі рейдтер нәтижесі

Қонаев, Алатау қалалары және Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандарында 10 рейд өтті.
Барлығы 159 әкімшілік хаттама толтырылды.
3 ойын-сауық орнының әкімшілігіне шара қолданылды.
116 кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жоба кезеңдері

SAQTAN жобасы бірнеше ірі бағыт пен кезең арқылы жүзеге асырылды.

30.05.2025

Жобаның ресми таныстырылымы

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде SAQTAN әлеуметтік жобасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Мамыр – қараша

Антиграффити акциялары

Заңсыз есірткі жарнамалары мен QR-кодтарды анықтау және жою бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Шілде – қыркүйек

Түнгі рейдтер

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.

Маусым – қараша

Семинарлар

Колледждер мен мектеп оқушылары арасында нашақорлық, суицид, құмар ойын, буллинг және интернет қауіптері туралы түсіндіру жұмыстары өтті.

Қазан 2025

SAQTAN спартакиадасы

Алматы облысының 1 қаласы мен 8 ауданында колледж студенттері арасында футбол және волейбол жарыстары өткізілді.

Спартакиада

Спорттық шара жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын таңдауға бағытталды.

1700 жуық колледж студенті қатысты
14 колледжде ішкі іріктеу кезеңдері өтті
300+ студент финалдық кезеңде бақ сынады
2 спорт түрі: футбол және волейбол

SAQTAN фотогалереясы

Жоба аясындағы іс-шаралардан фотосәттер.

Ақпараттық қамту

40 Instagram reels бейнеролик жарияланды
190 305 қаралым жинады
7560 лайк жиналды
395 000 адам жанама түрде қамтылды

Жобалар бөлімі толықтырылуда

Алдағы уақытта бұл бетте PARYZ еріктілерінің өзге де жобалары, нәтижелері, фотоматериалдары және қатысу мүмкіндіктері жарияланады.

SAQTAN жобасымен таныс болыңыз